Бағдарлама санатына оқиғамен байланысты орындалатын файлдарды қосу

Барлығын жаю | Барлығын жию

Бағдарламаны іске қосуға тыйым салынған және Бағдарламаны сынақ режимінде іске қосуға тыйым салынған оқиғаларымен байланысты орындалатын файлдарды қолмен толықтырылатын қолданыстағы бағдарламалар санатына немесе жаңа бағдарламалар санатына қоса аласыз.

Бағдарламаны басқару құрамдасының оқиғаларымен байланысты орындалатын файлдарды бағдарламалар санатына қосу үшін:

  1. Консоль ағашында өзіңізге қажетті Басқару серверінің атауы бар торапты таңдаңыз.
  2. Тораптың жұмыс аймағында Оқиғалар қойыншасын таңдаңыз.
  3. Оқиғалар қойыншасында өзіңізге қажетті оқиғаны таңдаңыз.
  4. Оқиғаның контекстік мәзірінен Санатқа қосу тармағын таңдаңыз.
  5. Ашылған Оқиғаға қатысты орындалатын файл бойынша әрекет терезесінде қажетті параметрлерді белгілеңіз:

    Келесі нұсқалардың бірін таңдаңыз:

    • Жаңа бағдарлама санатына қосу
    • Қолданыстағы бағдарлама санатына қосу

    Ереже түрі блогында келесі параметрлерді таңдаңыз:

    • Санатқа қосу
    • Шығарылатындарға қосу ережелері

    Файл ақпаратының түрі блогында келесі параметрлердің бірін таңдаңыз:

    • Сертификат мәліметтері немесе сертификаты жоқ файлдар үшін SHA-256 хэштері
    • Сертификат мәліметтері (сертификаты жоқ файлдар өткізіп жіберіледі)
    • Тек SHA-256 (SHA-256 хэші жоқ файлдар өткізіп жіберіледі)
    • MD5 (ескірген режим, тек Kaspersky Endpoint Security 10 Service Pack 1 нұсқалары үшін ғана)
  6. OK түймесін басыңыз.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Бағдарламаларды басқару

Басына оралу